Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«KMG Skills» қатысушылары қауіпсіздік техникасы мен алғашқы көмек көрсету дағдылары бойынша сынға түсті

12.10.2026

Атырау қаласындағы APEC PetroTechnic жоғары колледжінің базасында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында «KMG Skills» кәсіби шеберлік чемпионатының бірінші және екінші кезеңдері өтті. Байқау бағдарламасы қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылуын анықтау және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тапсырмаларды қамтыды.

Сынақтарға чемпионаттың 12 кәсіби бағыты бойынша мамандар қатысты. Олар белгіленген талаптарды қаншалықты меңгергенін, мұқияттылығын және теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану қабілеттерін көрсетуі тиіс болды.

Бірінші кезеңде қатысушыларға қауіпсіздік ережелері әдейі бұрмаланған жағдайларда бейнематериалдар ұсынылды. Бес минут ішінде олар қауіпті жағдайларды анықтап, ықтимал тәуекелдерді бағалап, оларды жою жолдарын ұсынуы қажет.

Екінші кезең алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналды. Қатысушылар белгіленген уақыт ішінде жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу алгоритмін орындады. Атап айтқанда, оқиға орнының қауіпсіздігіне көз жеткізуі, зардап шегушінің жағдайын бағалауы, жедел жәрдем шақыру әрекетін көрсету және реанимациялық шараларды жүргізуі қажет болды.

Бағалау кезінде қатысушылардың әрекеттерді дұрыс ретпен орындауы, кеуде қуысын басу жиілігі мен тереңдігі, қолды дұрыс қоюы және жасанды тыныс беру тәсілі ескерілді.

Жалпы екі кезең тапсырмалары қызметкерлердің ықтимал қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтау, қысқа уақыт ішінде шешім қабылдау және төтенше жағдайларда сауатты әрекет ету дайындығын тексеруге бағытталды.

Еске сала кетейік, «KMG Skills» кәсіби шеберлік чемпионаты биыл екінші рет өткізіліп отыр. Оған ҚМГ-ның 18 еншілес және тәуелді ұйымынан 120-ға жуық маман қатысуда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>